18 ақпан күні осындай атаумен Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында көрме ашылды. Оның ашылуы "Балалардың қолы керемет болады" ұранымен өтті.
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының (бұрынғы оқушылар үйі) 45 жылдық тарихында алғаш рет оның тәрбиеленушілерінің жұмыстары қалалық мұражайда ұсынылған! Тәбиенушілердің 140 жұмысы көрсетілдген. Олар: "Қолданбалы өнер" және "Тоқу" - И. А. Вяткина; "Автомоделирование" - М. Т. Құлжанова; "Қағаз өру" - Л. В. Чикишева.
Барлық педагогтар музеймен жемісті ынтымақтастығы үшін грамоталармен, ал жетекшісі Л. М. Романовская алғыс хатпен марапатталды.
Барлық жиналғандар көрмеге қойылған жұмыстарды мұқият қарап болғаннан кейін, Ирина Андреевна Вяткина өз тәрбиеленушілерімен шеберлік класын өткізді. Оның қатысушыларын манкадан суреттер жасауға үйретті!
27 ақпан күні ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернатының оқушыларына тағы бір шеберлік класты өткізу жоспарланған.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/694-lem-balalar-k-zimen.html#sigFreeId28ce71f765